Halyq Uni логотип
×

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған

 Динара Амантай 16.05.2024 | 09:09
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған.

Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізіп жатыр. Қамыс-Самар көлдері – киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі.

Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі – Жайық өзені. Сол арқылы келген тасқын суы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

Сонымен қатар, «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама