Видеода 4 рет оқ атылып, Роберт Фиконың жерге құлағаны көрсетілген
Бүгін Словакияның премьер-министрі Роберт Фикоға қастандық жасалды.
Қастандық Словакияның Гандлов қаласында Үкіметтің көшпелі отырысы өткеннен кейін халық алдына шыққан кезде жасалған.
Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видеоны таратты. Онда 4 рет оқ атылып, Роберт Фиконың жерге құлағаны көрсетілген. Қауіпсіздік қызметкерлері премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Кеуде мен іш қуысынан екі жарақат алғаны туралы алдын ала мәлімет бар.