×

Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады

 Халық үні 15.05.2024 | 19:55
фото: Halyq Uni

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды.

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама