Алматыда бұршақ жаууы ықтимал
«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде (16-18 мамыр аралығы) күтілетін ауа райын болжады.
Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Астанада:
16 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – 7-12 м/с. Ауа температурасы – түнде 0+2°С, топырақ бетінде -2°С аяз, күндіз +16+18°С;
17 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы – түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С;
18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соғатын жел –түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы – түнде +7+9, күндіз +22+24°C.
Алматыда:
16 мамыр – көшпелі бұлтты, кешке жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел – солтүстік-батыстан 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +25+27°С;
17 мамыр – көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С;
18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел – 3-8, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.
Шымкентте:
16 мамыр – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 8-13, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +24+26°С;
17 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел – 8-13 м/с. Ауа температурасы – түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С;
18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, кей жерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші – 8-13, екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.
Еске сала кетсек, дүниетанымы табиғатпен бітеқайнасқан қазақ даналығында бұл амал «Құралайдың салқыны» деп аталады. «Құралайдың салқыны» – Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 14 мамырда басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері. Көбіне өзге өңірлерде де адам мен малға жайсыз қара суық тұрып, ызғырық жел еседі және жауын-шашынды болады. Осы кезде киіктің лағы (құралайы) аяқтанады.