Жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттайтын операцияның құны 77 млн теңге болды
Шымкент қаласының жүрек орталығында соңғы 4 жылда міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесі есебінен 13 адамға жасанды жүрек операциясы жасалды.
Жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттайтын отаның құны 77 млн теңге болды, деп хабарлады otyrar.kz.
Көмекші механикалық құрылғы қан айналымын жеткілікті көлемде қамтып, жүрек жұмысын қалыпта ұстайды. Жоғары технологиялы медициналық көмек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан азаматтардың өмірін ұзартуға немесе жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Клиникада ағзаны алмастыру отасы 2023 жылы алғаш рет жасалып, сәтті болды, – делінген хабарламада.
Былтыр Шымкент жүрек орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 5 мыңнан астам күрделі ота жасалған. 138 төсек-орынға есептелген клиникада 40-қа жуық білікті кардиолог, кардиохирург, аритмолог дәрігерлері жұмыс істейді.
Жүрекке ашық ота жасау, стенд қою және жүректің ишемиялық ауруларын анықтауда коронаграфиялық тексеру әдісі өлім-жітім санын азайтуға септігін тигізіп отыр.