×

Алматыда классикалық ұшқыр бәйге өтеді

Оған елімізден 70 сәйгүлік қатысады

 Динара Амантай 15.05.2024 | 16:57
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

2024 жылғы 18 мамырда Qazaq Jockey Club Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Алматы қаласындағы ипподромда классикалық ат жарысын өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жарыс аясында әртүрлі қашықтықта 8 ұшқыр бәйге өтеді. Оған елімізден 70 сәйгүлік қатысады. Атап айтқанда, Бастау жүлдесі (ҚР-да туған 2 жасар жылқылар, 1000 метр қашықтық), Сынақ жүлдесі (2 жасар айғырлар, 1200 метр қашықтық), Сынақ жүлдесі (2 жас биелер, 1200 метр қашықтық), Спринтерлік жүлдесі (3 жасар жылқылар, 1400 метр қашықтық), Лойна жүлдесі (3 жасар биелер, 1400 метр қашықтық), Жеңіс жүлдесі (ҚР-да туған 3 жасар жылқылар, 1400 метр қашықтық), Квасов атындағы жүлде (ҚР-да туған 4 жастан асқан жылқылар, 1600 қашықтық), Франция үйі жүлдесі (4 және одан жоғары жылқылар, 1600 метр қашықтық).

Сонымен қатар, көрермендерге арнап басқа да түрлі қойылымдар, көптеген конкурс, атқа міну, ұтыс ойындары және т.б. ұйымдастырылады.

Билеттерді https://ticketon.kz/ сайтынан онлайн алуға болады. Бағасы – 1 000 теңге.

Ипподромның мекенжайы: Алматы қаласы, Құлагер шағын ауданы, Омаров көшесі, 10 «а».

Басталуы: 18 мамыр 2024 жыл, сағат 15:00-де.

Аккредитация үшін: +7 778 133 7074, Жазира.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама