12 жасөспірім теннисші әлемдегі ТОП-100 қатарына кірді
ATF рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастап келеді
Еліміздің 12 жас теннисшісі ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) мен ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер тізімінде үздік 100 спортшының қатарына қосылды.
Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев – 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева – 29, Асылжан Арыстанбекова – 40-сатыда.
Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель – 28, Роберт Каминский – 33, Аңсар Ниетқалиев – 81, Ахмади Маханов – 83, қыздардан Линара Бөлешева – 60, Руслана Русланова 95-орынға орналасты.
ATF рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина 2-орында келеді.