×

Астанада алаяқ шетелдік компаниядан 180 млн доллар бопсалаған

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді

 Динара Амантай 15.05.2024 | 11:05
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Астанада алаяқ шетелдік компаниядан 180 млн доллар бопсалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде таныстыра отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн АҚШ долларынан астам ақша талап еткен. Алаяқ бұл қаражатты инвестициялау келісімшартын жасаймын деген желеумен иемденбек болған.

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін толық дәлелдеді.

Сотталушы алаяқтық жасауға оқталғаны және жауапты мемлекеттік лауазым иесіне аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама