15 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/05/15/6643e8dda8756640630910.webp)
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды: найзағаймен жаңбыр, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі.
Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.