Halyq Uni логотип
×

Теннистен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан 4 команда әлем чемпионатына барады

 Дастан Жұмабекұлы 14.05.2024 | 17:44
Теннистен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты.

А тобында Ярослава Шведова жаттықтыратын жасөспірімдер командасы Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Алдымен Ева Корышева индонезиялық Наомиді 6:0, 6:0 есебімен жеңсе, Ариана Гогулина Синклерден 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Жұптық сында Ариана Гогулина Альбина Кәкеновамен бірге командаға үшінші ұпайды әкелді. Олар қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Енді ертең Қазақстан құрамасы Жапониямен ойнайды. Осы матчта қай команданың А тобынан бірінші орынмен ширек финалға шығатыны белгілі болады.

Жапониялықтар да Қазақстан секілді мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан 4 команда әлем чемпионатына барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама