Жетісу облысында шенеуніктер жауапқа тартылды
Сондай-ақ 5 ветеринарлық зертхананың қызметі тоқтатылды
Жетісу облысының прокурорлары 5 ветеринарлық зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қажетті құрал-жабдықтармен және химиялық заттармен қамтамасыз етілмеген ветеринарлық зертханалар тиісті зертханалық зерттеулер жүргізбестен формалды сараптама актісін беріп келген. Соның салдарынан соңғы 3 жылда олар 8 мыңнан астам ветеринарлық-санитарлық сараптама актісін заңсыз берген. Оның үстіне зертханалар санитарлық талаптарын сақтамаған.
Табиғатты қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша, жалпы көлемі 2,5 миллион теңгеден асатын 7 ветеринарлық зертхана өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған бұзушылықтар жойылғанша 5 зертхананың қызметі уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, ветеринария саласындағы уәкілетті органның (бақылау-қадағалау) лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.