Медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 11 дерегіне жол берген
Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жалған вакцинацияның 365 фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Халыққа вакцина егу мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында халыққа жалған екпе егудің 365 фактісі, екпе алудан медициналық көрсетіліммен негізсіз бас тартудың 55 фактісі анықталды. Сонымен қатар, медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 11 түріне жол берген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою және лауазым иелерін заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.