Halyq Uni логотип
×

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді

 Халық үні 30.12.2021 | 10:39
Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды
Нұрлан Қылышбаев, фото: parlam.kz

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Сенатқа енгізілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Нұрлан Қылышбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдіргенін айтты.

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылығы институтын тәмамдаған - орман шаруашылығы инженері. Одан бөлек, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген - құқықтану, заңгер.

Еңбек жолы:

Талдықорған орман шаруашылығының аңшаруашылығы өндірістік бірлестігі бөлімінің жетекші инженері (1994-1996);

Алматы облысы Ішкі істер басқармасы қылмыстық істер бөлімінің жедел уәкілі (1996-1997);

Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999);

Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы (1999-2003);

Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004);

«Жігер» ААҚ төрағасы, Алматы қаласы(2004-2010);

Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2010-2013);

Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016);

Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама