«Елорда кубогы»: Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады
Олардың арасында Өзбекстаннан көшіп келген Аман Қонысбеков те бар
Астанада бокстан ересектер арасында өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің алғашқы күні шаршы алаңға шыққан Қазақстан боксшыларының бәрі жеңіске жетті. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да болды.
Ерлер арасында Кәрім Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Нұрқанат Райыс, Армат Арманұлы, Аман Қонысбеков, Асланбек Шымбергенов, Дархан Дүйсебай, Нұрбек Мұрсал, Қамшыбек Қоңқабаев қарсыластарын жеңсе, әйелдер арасында Айым Жұмабай, Жазира Орақбаева мен Дельфина Әбілхан жеңіске жетті.
Анжелика Цойдың жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіс Томирис Мырзақұлға берілді. Сол сияқты, Аяулым Боранбаева рингке көтерілмеген соң Дәметкен Келімбет келесі айналымға шықты.
Бейбіт Қазақбай Өзбекстан өкілінен жеңілді.