×

Шымкентте мас жүргізуші полицейлердің көлігімен соқтығысты

Ол тізгіндеген көлігін ұрлап кеткен

 Динара Амантай 14.05.2024 | 09:09
Фото: polisia.kz

9 мамырда Түркістан облысында масаң хәлдегі ер адам біреудің көлігін ұрлап, жолда апаттық жағдайдың туындауына себепкер болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оны қызметтік автокөлікпен бөгеу арқылы тоқтатпақ болып, салдарынан аталған көлікпен соқтығысқан.

Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рөлдегі адамның мас екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату үшін, сондай-ақ жол қозғалысының өзге де қатысушыларын қатерге салмау мақсатында осындай қадамға баруға мәжбүр болдық, – деді офицерлер.

Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.

Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама