Қоғамдық көліктің суда жатқанын көріп бірден көмекке тұра ұмтылған
Санкт-Петербургте автобус апатында көмекке келген Ерхан Аханов КТК телеарнасына сұхбат берді. Ал автобустың жүргізушісі ұсталып, еті адамның қазасына әкелген қайғылы жағдайға қатысты ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Автобус бірнеше көлікке соғылып, артынша көпірдің қоршауын бұзып Мойка өзеніне құлаған. Осы сәтте жерлесіміз Ерхан Аханов жұмысынан үйіне қайтып бара жатқан. Қоғамдық көліктің суда жатқанын көріп бірден көмекке тұра ұмтылады.
Дуалдың сынып жатқанын көріп және де автобустың суға батып бара жатқанын көремін. Сол кезде ойланбай тез қимылдап, жүзіп келген кезде, үстіне шыққан кезде, люкты аша бастаймыз. Ашып жатқан кезде қалған жігіттер суға түсіп бізге көмекке келді. Әйелді люк арқылы судан шығардық. Яғни автобустың ішінен, - дейді Ерхан Аханов.
25 жастағы азамат үш метр биіктіктен суға секірмек болған. Маңындағылар оның қауіпті екенін айтып, арқан тауып көмектесіпті. Өзенге түсе салысымен, дереу адамдарды құтқаруға тырысқан. Ерхан – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тумасы. Ата-анасы, бауырлары сонда тұрады. Ал өзі Санкт-Петербург қаласында үш жылдан бері білім алуда және қосымша жұмыс істейді.
Ұлының ерлігі жайында анасы кейін білген. Мейрамкүл Түсіпова, Ерханның анасы:«Папасына телефонмен айтып жатқан, осылай жағдай болды деп. «Адамдарға көмектестім» деп жай ғана айтты.«Ее, жақсы, жақсы деп , біз аса көңіл бөлген жоқпыз. Енді байқамайсың ба деп, өзім уайымдадым, бір жағынан. Бір жағынан, «дұрыс» дедім. Менің мақтанышым, Ерханым», - дейді Ерханның анасы Мейрамкүл Түсіпова.