×

Меркіде жасөспірімнің мәйіті табылды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 13.05.2024 | 21:41
Фото: el.kzkz

Жамбыл облысы Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне Меркі аудандық ауруханасынан хабарлама түскен.

Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды, – делінген баспасөз релизінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама