Halyq Uni логотип
×

Астанада 20 жыл бойы жасырынып келген ресейлік ұсталды

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды

 Халық үні 13.05.2024 | 20:38
Астанада 20 жыл бойы жасырынып келген ресейлік ұсталды
фото: видеодан скриншот

Астанада 20 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама