Қазір Қазақстан спортшыларында 12 лицензия бар
Пара каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
Чемпионаттың В финалында (VL3 классы) өнер көрсеткен спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта жүріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде мәреге польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып келді.
Әлем чемпионатында Паралимпиадаға төрт жолдама ойнатылды.
Чемпионаттың финалы А және В топ арасында болды. А тобына алдыңғы лицензиялық турнирлерде жеңіске жеткен 6 спортшы және осы чемпионаттың жартылай финалында үздік өнер көрсеткен өзбекстандық спортшы іріктелді. Біздің спортшымыз Жаңыл Балтабаева В тобында сынға түсті.
Жаңыл Балтабаева мәреге бірінші болып жеткен спортшыдан тек 0,38 секундқа қалып қойды. Жарыстың ережесіне сай А тобының 7 спортшысы және В тобының 3 спортшысы Паралимпиада ойындарына жолдама алады, – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ерсұлтан Жолшиев.
Жаныл Балтабаева осымен Паралимпиада ойындарына еліміздің 12-ші лицензиясын иеленді. Бұған дейін лицензияны пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова мен Нышан Өмірәлі алған болатын.
Еске сала кетсек, Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығындаөтеді.