Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды

Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті

 Динара Амантай 13.05.2024 | 16:30
Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды
Фото: Halyq Uni

Бүгінде мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100% орындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленіп жатыр.

Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады, - деді Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жыл соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама