Президент Аида Балаеваны қабылдады

Динара Амантай

Министр ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.