×

Астанада ветеринария саласында көптеген бұзушылықтар анықталды

Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 13.05.2024 | 12:24
Фото: egemen.kz

Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықты, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауды, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауды, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын 100-ден астам бақыланбайтын субъектілер жұмыс істейді. Барлық зертханада ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды. Сондай-ақ кейбір зертхана қызметін ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз іске асырған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама