×

Тапсырыспен өзгенің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады

 Динара Амантай 13.05.2024 | 11:24
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

 Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазір қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама