×

Еркін күрес балуандары Олимпиадаға жолдама ала алмады

Спортшылар 57, 65, 74 келіде межелі орыннан көріне алған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2024 | 10:15
Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады.

Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ. Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын. 

Ыстанбұлда өткен соңғы іріктеу турнирінде балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады.  

Рахат Қалжан (57 келі) қола медаль үшін күресте қытайлық Ваньхао Цзоуға есе жіберді. 

Адлан Асқаров (65 келі) жұбаныш белдесуінде ресейлік Нургун Скрябиннен жеңілді.

Нұрғожа Қайпанов (74 келі) албаниялық Чермен Валиевпен қола медаль үшін күресіп, одан айласын асыра алмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама