Пандемиядан кейін авиация саласы қайта жандана бастады
Қазақстан 15 жылда көлік пен логистикаға 35 млрд доллар инвестиция салған, деп хабарлады АХҚО баспасөз қызметі
Жүк көлемінің жылдам өсуімен байланысты, құрлықтағы маршруттар арасында Орта дәліз Орталық Азия үшін маңызды рөл атқарады. Дүниежүзілік банктің болжамынша, 2030 жылға қарай Орта дәліз бойынша жыл сайынғы тасымалдау көлемі 3 есе артып, Орталық Азия мен Кавказдың экономикалық өсуі есебінен 11 млн тоннаға жетуі мүмкін. Соңғы 10 жылда Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі де 28% өсті: 2014 жылғы 487 млрд тонна-шақырымнан 2023 жылы 621 млрд тонна-шақырымға дейін.
Қазақстан Орта дәліздің және Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің негізгі хабы ретінде көлік саласындағы мүмкіндігін дамытуға айтарлықтай күш салып жатыр. Мысалы, соңғы 15 жылда Қазақстан көлік пен логистикаға 35 млрд доллар инвестиция салған. Қазақстанның ЖІӨ-дегі көлік пен логистиканың үлесі 2025 жылға қарай 9%-ға дейін өседі деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде елімізде жүк тасымалдаудың негізгі түрі – теміржол, одан кейін автожол мен құбырлар. Соңғы жылдары теміржолда жүк тасымалының көлемі айтарлықтай өсіп, 2023 жылы 327 млрд тонна-шақырымға жетті. Оның көлемі 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде де өсе берді.
Қазақстандағы автокөлікке жүк тасымалының едәуір үлесі кіреді. 2022 жылы жүк тасымалының пайыздық шамасы 24% болса, жолаушылар тасымалының үлесі 90%-дан асты.
Теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі төмендеп келеді. Теңіз тасымалының көлемі 2011 жылы шарықтау шегіне жетті. Мұндай кері көрсеткіш Каспий теңізі порттары арқылы мұнай экспортының көлемін басқа көлік түрлерімен алмастыруға байланысты.
Қазақстанның авиация саласы пандемия салдарынан туындаған 3 жылдық құлдыраудан кейін қалпына қайта келіп жатыр. 2022 жылы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы шетелдік компаниялардың қызмет көрсеткен ұшуларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті де, 2023 жылы транзит және ұшып-қону саны 308 мыңнан асты.
Өсіп келе жатқан жүк ағынының қажетін қанағаттандыру үшін инфрақұрылымның өткізу қабілетін кеңейту, маркетингтік күш-жігер және қосымша халықаралық келісімдер қажет.
Еуропа қайта құру және даму банкінің бағалауы бойынша, Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын едәуір жақсарту және орнықты байланысты қамтамасыз ету үшін 33 инфрақұрылымдық жобаны қоса алғанда, 18,5 млрд еуро болады. Қазақстан үшін құны 5,5 млрд еуро болатын 13 жоба анықталған.