Өрттің себебі анықталып жатыр
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 1 248 шаршы метр аудандағы отты сөндірген. Олар 2 500 шаршы метр ғимараттың толық жанып кетуіне жол бермеді.
Жалын толығымен өшті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.