Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел жоғалып кетті
Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті.
Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйелді құтқарушылар іздеп тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті. Әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан болатын. Оны аймақтағы ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі бейтаныс жерлерде саңырауқұлақ термеуге шақырады.