34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні дабыл қаққан
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.
34 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы інісі 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні хабарлаған. Ер адамның денесі бір айдан кейін дәл сол жерден табылған.
«12 мамырда сүңгуірлер ер адамның зақымданбаған мәйітін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – делінген хабарламада.