Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйел өлі табылды
Оқиға орнында қан ізі табылмаған
Ақтауда көпқабатты үйдің маңынан әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Lada.kz.
№24 тұрғын үйдің тұрғындары әйелдің денесін 12 мамырда таңғы сағат 09:00 шамасында байқаған. Ол етпетінен жатқан.
Тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста, ол бұл үйде тұрмаған және оны тұрғындар танымайды. Адамдар көмек сұраған дауысты естімеген.
Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі табылмаған.
Қазір учаскелік инспектор үй-үйді аралап, тексеру жүргізіп жатыр.