Қостанайда полиция қызметкері өз үйінің ауласынан өлі күйінде табылды
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда
Кеше, 10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлады Halyq Uni.
Қостанай облысының полиция департаменті марқұмның криминалист болып жұмыс істегенін, қазіргі уақытта жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын нақтылады.
«Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.