Лондонда адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Халық үні

Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған

фото: pixabay.com

Ұлыбритания полициясы Қазақстан азаматы Баймолда Бейбітті кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. 

Лондон полициясының мәліметінше, 30.12.1986 жылы туған Баймолда Бейбітке 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына келді.

6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған. 

«Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды», - деді Лондон полициясы.