Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінде ауыс-түйіс жасады

Тиісті құжат қабылданды

 Қымбат Елтайқызы 11.05.2024 | 13:00
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінде ауыс-түйіс жасады
фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады, хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президенттің өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп мәлімдеді Ақорда.

Мемлекеттік күзет қызметі – Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын әрі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Президенттің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Исабеков Сәкен Сайынұлы.

Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс – Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама