Halyq Uni логотип
×

11 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады

 Халық үні 11.05.2024 | 08:33
11 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағаймен жаңбыр, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Республикамыздың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысында дауыл, батысы, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама