Актер бұрынғы сүйіктісін бірге сұқбат беруге шақырды.
Актер Асқар Ілиясов өзін абьюзерге теңеген қазақстандық танымал модель, дизайнер Айя Шалқардың сөздеріне жауап берді.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.
Актер бұрынғы сүйіктісін бірге сұқбат беруге шақырды.
"Мен бұны жазам деп ойламадым, бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады. Мен абьюзер емеспін, мен әйелдерді құрметтеймін. Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз қарым-қатынасымызды үздік. Төрт ай кездесуден кейін біз бірге шешімге келіп, бөлек кетуді жөн санадық», - деп жазды Асқар Ілиясов.
Актер қыздың әлеуметтік желідегі мәлімдемесі оны тығырыққа тірегенін айтты.
«Мен ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз, бірақ егер біздің қарым-қатынасымызды қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовпен бірлескен сұқбат түсіріп, маңызды жайттар туралы әңгімелейік. Менің ойымша, бұл тек біз үшін ғана емес, түсінісе алмайтын барлық адам үшін пайдалы болады деп ойлаймын», - деп жауап берді ол.