«Зәке, мені кешір, мен шаршадым»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің үйін сатқысы келетінін айтты
Ол үйді Үкіметке ескерткіш қылып қалдырғысы келетінін айтты.
Әнші Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің үйін ұстап отыру қымбат екенін айтып, халықтан оны сатып жіберу туралы желіде кеңес сұраған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Зәке, сен мені кешірші. Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Егер де Үкімет сенің дүниеңді алып кетпесе, туған-туысқанның барлығына таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Мен сол үшін тойға барып жүрмін. Сіздің үйіңізді сақтау үшін ай сайын 100 мың теңге керекү. Бұл үйде суға да түспейміз, бірақ, ыстық суға төлейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған жоқпыз. Бұл үйге газ тартылмаған. 20 жыл бойы 2 үй үшін айына 200 мың теңге төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ тартылмаған», - дейді Мақпал Жүнісова.
Ол үйді Үкіметке ескерткіш қылып қалдырғысы келетінін айтты.
«Тоқаев сізге ескерткіш ашайын деп жатыр екен ғой. Мерейге арнаған үйің еді ғой. Халқым айтсын, осы үйді сатып жіберейін бе?», - деді видеоны жариялаған адам.
Әнші видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Кейін оны өшіріп тастаған. Алайда видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен.