Halyq Uni логотип
×

Астана полициясы ата-аналарды сақ болуға шақырды

Қалада балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеген

 Дәурен Ерболат 10.05.2024 | 17:50
Астана полициясы ата-аналарды сақ болуға шақырды
Фото: polisia.kz

Елордада полиция ата-аналарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Астана қаласы ПД.

Тәртіп сақшылары шаһарда жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды.

Жыл басынан бері Астанада 5 бала терезеден құлаған. Салдарынан екеуі көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.

Мұндай қайғылы жағдай болмас үшін төмендегі кеңесті ескеру сұралады:

  • Пәтердегі терезелерді ашқанда және бөлмені желдеткенде баланы бақылаусыз қалдырмаңыз;
  • Балконға баланы жалғыз шығармаңыз;
  • Баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыз. Кез келген жағдай болуы мүмкін. Тіпті, ол сіз жоқта ашық терезеге шығып кетуі ықтимал;
  • Барлық жиһазды, оның ішінде кереуетті терезеден алыс қойыңыз. Бұл нәрестенің кездейсоқ құлап кетуіне жол бермейді;
  • Москит торлары да үлкен қауіп төндіретінін ұмытпаңыз! Себебі бала оған сүйеніп, тормен бірге құлап кетуі әбден мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда 4 жасар баланың бесінші қабаттан құлап кеткені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама