×

Ғалия Тыңбаева – Qazaqstan Barysy Grand Slam жеңімпазы! (ВИДЕО)

Дзюдошы әлемдік додадағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 10.05.2024 | 17:32
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғалия Тыңбаева жеңімпаз атанды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені әкелді.

Бұл – Ғалия Тыңбаеваның әлемдік Grand Slam турниріндегі алғашқы алтын медалі, – деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

Дзюдошы жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы, франциялық Ширин Боуклиді жеңген болатын.

Ғалия Тыңбаеваның қоржынына Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте 1 000 ұпай қосылады.

Qazaqstan Barysy Grand Slam додасында ереже бойынша бірінші орын үшін 1 000, екінші орын үшін 700, ал үшінші орын үшін 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестіретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама