Halyq Uni логотип
×

Тұңғыш көлік туннелінің қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

Нысандағы маңызды жұмыстар аяқталған

 Дәурен Ерболат 10.05.2024 | 16:28
Тұңғыш көлік туннелінің қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды
Фото: Көлік министрлігі

Еліміздегі тұңғыш көлік туннелінің қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда ол бірқатар нысанның құрылысымен танысты. Оның арасында Түркістан облысының Шақпақ баба асуы арқылы өтетін көлік туннелі де бар. Нысан Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі саналады.

Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бетон және асфальтбетон төсеу толық аяқталып, жарық орнатылды. Қазір онда бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Басты жұмыс аяқталды, - деді Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.

Жаңа туннель пайдалануға берілсе, жүргізушілер Шақпақ баба асуында болатын қар құрсауында қалмайды.

Сондай-ақ Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» тасжолының «Қызылорда-Сексеуіл» учаскесіндегі жол құрылысын тексерді. Мұнда Қызылордадан Сексеуілге дейінгі 463 шақырым жол қайта жөнделеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама