Кәсіби стандарт 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік жұмыс» бағытындағы 10 кәсіпті қамтитын «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» кәсіптік стандарты бекітілді. Бұған дейін бұл бағыт 4 кәсіптік стандартпен қамтылған болатын, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл ретте 4 кәсіп алғаш рет анықталып, Ұлттық қызмет жіктеуішінің жобасына енгізілді. Оларға әлеуметтік көмекші, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы әлеуметтік қызметкердің ассистенті, әлеуметтік қызметкер кейс-менеджері және әлеуметтік жұмыс менеджері жатады.
Кәсіптік стандартта кәсіби міндеттерді орындаудың бірқатар жаңа тәсілі қарастырылған:
Кәсіптік стандарттың «Әлеуметтік жұмыс» бағытындағы кәсіптерге қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін бағалауды Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері берді. Кәсіптік стандарт ашық НҚА порталында жарияланып, талқылау кезеңінен өтті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың оң қорытындысын алды.
«Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» кәсіби стандарты 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді.