Өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Қостанай облысында бір күнде екі көлік өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Қостанай қаласында таңертең жеңіл автокөліктің мотор бөлімі мен салоны жанып кеткен. Өрт құтқарушылардың күшімен 20 минут ішінде сөндірілді.
Екінші оқиға Рудный қаласында болды. Автокөліктегі өрт 13 минут ішінде сөндірілді. Екі жағдайда да қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы