Шымкентте жоғалған 5 жасар бала басқа ауладан табылды

Дастан Жұмабекұлы

Оны анасы өз бетімен іздеп, таба алмаған

Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласында үйдің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды. Оны жергілікті полицейлер тауып, отбасына апарды.

Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, қала тұрғыны полицияға хабарласып, үйдің ауласында ойнап жүрген 5 жасар баласынан көз жазып қалғанын, оны өз бетімен іздеп, бірақ таба алмағанын айтқан. Осыдан кейін Қаратау ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары жоғалған баланы іздеуге шығып, қайда болуы мүмкін екенін онымен бірге ойнап жүрген балалардан сұрастырған.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аулалардың бәрін түгелдей шолып, жергілікті тұрғындардың бәрінен дерлік бала туралы мәліметті сұрастырып шыққан.

Соның нәтижесінде бала көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен отбасына қайтарылды. Оны ана-анасы өз бетімен іздегенмен, аулалардың бәрін аралап шығуға денсаулығы келмеген. Өз кезегінде әбден алаңдаған ата-ана құқық қорғаушыларға жедел жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді.