7 мың шақырым жылу желісін ауыстыру керек
6 облыста жылу желілері әбден тозған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – шамамен 13 мың шақырым.
Олардың орташа тозу деңгейі – 53%, шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі – Павлодар (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан (Петропавл – 74%), Қостанай (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау (Ақтау – 71%) және Қарағанды (Теміртау – 67%) облыстарында, - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек.
«Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желісін жөндеу қажет. Қаржылық қажеттілік – жылына шамамен 250 млрд теңге. 2023 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 336 шақырым жылу желісі жаңғыртылды (175 млрд теңге)», - деді министр.
Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 221 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа шамамен 128 млрд теңге қарастырылған:
Қосымша 233 шақырым жылу желілерін жөндеуге 162 млрд теңгенің дайын жобалары бар. Оның ішінде 43 млрд теңге басталған 14 жобаны (27,3 шақырым) аяқтауға, 119 млрд теңге 70 жаңа жобаны (205,6 шақырым) іске асыруға жұмсалады. Сондай-ақ Қаржы министрлігімен бірлесіп, Ұлытау облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесі (41 млрд теңге – 60,4 шақырым) пысықталып жатыр, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар министрлік жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары (65%-дан 91%-ға дейін) «қызыл аймаққа» жатқызылатын 12 қаланы анықтаған:
Павлодар облысы:
Ақмола облысы:
Солтүстік Қазақстан облысы:
Маңғыстау облысы:
Қостанай облысы:
Абай облысы:
Қарағанды облысы:
Түркістан облысы:
Шығыс Қазақстан облысы:
«2023 жылдың қорытындысына сәйкес, осы қалалардағы жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 73% болды», - деді Қанат Шарлапаев.