Halyq Uni логотип
×

Литва Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді

Ресей бұл әрекетті арандатушылық деп қабылдауы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 10.05.2024 | 11:16
Литва Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: vedomosti.ru

Литва Парламенті Украина сарбаздарын оқыту үшін ел әскерін жіберуге рұқсат берді. Бұл туралы Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Литваның Украинаға әскер жіберуін арандатушылық деп қабылдауы мүмкін. Бірақ Литва билігі бұған назар аудармайтын болады.

Ресейдің көңіліне де қарап отыратын уақыт жоқ. Ресей апта сайын біздің бәрімізді ядролық шабуылмен қорқытып келеді. Енді бұған да жауап беруге болатын шығар, – деді Ингрида Шимоните.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон мен Латвияның Парламенті Украинаға әскер жіберетіндерін айтқан еді. Оны Литва бірден қолдап, енді Батыс Еуропада Украинаға армия жіберу туралы талқылаудың болмайтынын мәлімдеді. Ал АҚШ пен НАТО-ның басқа да мемлекеттері соғыс басталған кезден бері Ресей мен Украинаның мәселесіне араласпайтынын айтып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама