Halyq Uni логотип
×

ЖЭО жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылады - Бектенов

Қостанай облысында жылудан ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге қысқарды

 Динара Амантай 10.05.2024 | 10:48
ЖЭО жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылады - Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін Үкіметте жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым электр желілері, сондай-ақ 423 жоғары вольтты қосалқы стансалар жөнделеді. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп келеді, кешігулер жоқ.

Энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар 2024 жылы салаға шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді. Бұл – өткен жылғы деңгейден 44% артық.

Сонымен қатар энергия көздерін дайындауға Үкімет резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.

Энергетика министрлігі су тасқыны жағдайы күрделі өңірлерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысын баяндады. Оның айтуынша, бүгінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик пен 2,1 мыңнан астам арнайы автотехника қатысып жатыр. Алдағы кезеңде түрлі кернеу кластарындағы 3 мыңнан астам электр беру желілерінің тіректерін қалпына келтіру қажет. Ол үшін барлық қажетті материалдар бар.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы алдымен апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды. Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі және МАЭК пен «Топар» ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет. Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шаралар қабылданатын болады, – деді Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама