Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге сәттілік тіледі
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалған Жаслан Мәдиев ант берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Жаслан Мәдиев.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге сәттілік тіледі.
Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Жаслан Мәдиевтің тағайындалғаны хабарланған еді.