Halyq Uni логотип
×

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды

 Динара Амантай 10.05.2024 | 09:47
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті
Фото: golos-naroda.kz

Алматы қаласының полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қорғауды нығайтып, 10-20 мамыр аралығында күшейтілген түрде қызмет етеді. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. «Қылмысқа мүлде төзбеушілік» қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды.

Сонымен қатар полиция көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы – қылмыстық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған ауқымды шара.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама