×

«Қай аға мені атқан?»: Алматыда қаңтар оқиғасына қатысты мурал пайда болды

Суретте 7 қаңтар күні қаза тапқан Айкөркем Мелдехан бейнеленген

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2022 | 09:39
фото: instagram.com

Алматыда Қаңтар қырғыны кезінде қаза тапқан қыз бейнеленген мурал пайда болды.

Сурет Rukh арт қозғалысының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Онда 7 қаңтар күні оқ тиіп қаза тапқан Айкөркем Мелдехан бейнеленген.

Муралда «Қай аға мені атқан?» және #QazaqKoktemi деген жазбалар да бар.

Rukh2k19 парақшасында муралдың авторларының үндеуі жарияланған:

«Қазақстанның жерінде жүздеген адамның мерт болғанына бес ай болды. Мыңдаған адам полицияда азапталып, өмір бойы мүгедек боп қалды. Жеті адам азапқа шыдамай абақтыда көз жұмды. Бұлардың бәрі біздің адамдар, біздің халық. Олардың орнында біз де болуымыз мүмкін еді.

Ал енді бұл адамдарға оқ атқан кім? Ескертусіз оқ атуға бұйрық берген кім?

Біз әділдікті талап етеміз. Бізге қосылып, сіз де әділдікті талап етіңіз. Өзімізді өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім келіп, қорғамайды!», - делінген.

Одан кейін Айкөркемнің әкесі Айдос Меделханның қызының қазасы мен мылтық ұстаған әскерилерге арнаған  «Қай аға мені атқан?» деген  өлеңі жарияланған.

«Еркесі едім үйдегі,

Деуші еді бәрі ботақан.

Қуанушы еді үлкендер,

Берді деп сені жаратқан.

Алаңсыз келе жатқанда,

Қай аға маған оқ атқан?

Атыпсың дәлдеп мылтықты,

Алды-артыңа қарамай.

Осынша неге өшіктің

Кіп-кішкентай балаға-ай?

Не кінәм менің бар еді

Өлтірдің неге, ағатай?»

Өлең жолдары осымен бітеді. Осы жазба әлеуметтік желіде елдің жанды жеріне тиіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35