Түркістан облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп алған, деп хабарлады Tengrinews.
Желідегі кадрларға қарағанда, төбелес бірнеше ер адам арасында болған. Олар «дубинкаларды» қолданған, бір-бірін жұдырықпен ұрып, тепкілеген.
Видео авторы Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болғанын айтты.
Түркістан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
Түркістан облысының полициясы Мақтаарал аудандағы ауылдарының бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай анықталып жатыр, - делінген хабарламада.