БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш дағдарыс орталығында

Халық үні

Карина Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген

Фото: Instagram\nemolchikz_official

Карина Мамаш қазіргі таңда дағдарыс орталықтарының бірінде. Оның пәтері бар, алайда қазір онда Сәкен Мамаштың туыстары тұрып жатыр. Бұл туралы Дина Смаилова Instagram әлеуметтік желісіндегі қордың парақшасына жазды. 

Біз Каринаның анасымен байланыстамыз. Каринаны тергеуге алған. Анасының сөзінше оған жүйесіз сұрақтар қойған. Мәселен, «Сіз бәлкім мас болған шығарсыз», «Жеке адвокатыңыз бар ма», «Қазір сізге қолдау көрсеткен біреу бар ма» деген сыңайлы сауалдар қойылған,- деп жазды Дина Смаилова.

Оның сөзінше, қор Каринаға адвокат тауып берген. Жоспар бойынша 10 мамыр күні жұмысқа кірісуі тиіс. Адвокат табылғанын анасына хабарлаған, алайды Каринаның өзінен әлі еш хабар ала алмаған. Бұл іс қордың бақылауында. Әрі қарай Каринаның өзінен жауап күтіп отырғаны айтылған.

Карина Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған. Анасы Ресей Федерациясынан ұшып келді. Карина балаларымен бірге өзге дағдарыс орталығына жатқызылса, анасы мен әпкесі басқа орталықта. Дағдарыс орталығы деген бұл - қонақ үй немесе жатахана да емес. Қор мамандары осындай дағдарыс орталығына тіпті жиырма адамға дейін орналастырған жағдайға куә болған,- деп жазған қордың парақшасына.