Шахтинск және Семей қалаларында 2 бала жарты сағат ішінде терезеден құлап кеткен
Шахтинск және Семей қалаларында 2 бала жарты сағат ішінде терезеден құлап кеткен, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түсті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
Екінші жағдай Семей қаласында болды. 3 жасар қыз бала 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.